Әбу Бәкр – сахабалардың ең жақсысы
Бөлімдер
Full Description
Әбу Бәкр – сахабалардың ең жақсысы
أبو بكر رضي الله عنه من خيار الصحابة
< Қазақ тілі – Kazakh – كازاخي >
Islamic.kz сайтынан
Islamic.kz من الموقع
Әбу Бәкр – сахабалардың ең жақсысы
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Бүкіл әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммәдқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ергендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын
Әбу Бәкрдің (Аллаһ оған разы болсын) ата-тегі.
Толық есімі – Абдуллаһ ибн Усмән ибн Амәр ибн Ка’б ибн Са’д ибн Тәйм ибн Муррак ибн Ка’б ибн Луәй ибн Толиб. Оның ата-тегі Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Муррак ибн Ка’бта қосылады. Оның куньясы – Әбу Бәкр. Анәс – Сәлма. Әбу Бәкр Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі жыл алты айдан кейін туылған. Құрайыш руында кең тараған іс саудагерлікпен айналысқан.
Исламдағы және оған дейінгі өмірі.
Әбу Бәкр құрайыштардың ішінде құрметті және бай болған. Өзінің әділдігімен және көркем мінезімен атақты еді. Тіпті Исламға дейін ол пұттарға табынушылар қатарына қосылмай, сондай-ақ жәхилиет заманында үйреншікті іс болып саналған зина сияқты күнаға да бармаған.
Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші пайғамбарлық жайлы уахи түскенінде Әбу Бәкр біріншілердің қатарында иман келтіріп, ислам қабылдаған адам болатын. Сосын өзі сенім білдірген адамдарды исламға шақырған. Оның себебінен, көптеген сахабалар ислам қабылдаған, олардың ішінде: Усман ибн Аффән, Тальха, Зубәйр, Абдуррахман ибн Ауф, Әбу Убәйда. Ол Аллаһ жолында өзін және мүлкін құрбан қылған бірінші адам. Ол жайында Аллаһ тағала айтты: «Аллаһ жолында мал жұмсамайтын сендерге не болды? Негізінен көктер мен жердің мұрагерлігі Аллаһқа тән. Сендерден Меккенің алынуынан бұрын Аллаһ жолында мал сарып қылып, соғысқан кісі; одан кейін мал сарып етіп, соғысқан кісімен тең емес. Олар дәреже тұрғысынан үлкен. Сондай-ақ Аллаһ бәріне де жақсылық уәде етті. Аллаһ істеген амалдарыңды толық білуші» («Хадид» сүресі, 10 аят)
Сондай-ақ айтты: «Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Аллаһ жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Аллаһтың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер» («Тәубе» сүресі, 20 аят)
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілгенде (миғрәж), барлығы оған күмән келтіріп, тіпті өтірік деді, бірақ Әбу Бәкр оған еш күмәнсіз бірден сенді, сол себепті оны Сыддық (Шыншыл) деп атап кеткен. Аллаһ айтты: «Сондай шындықты әкелген және оны мойындаған міне солар; тақуалар» («Зумәр» сүресі, 33 аят)
Әбу Бәкр әр уақытта қайғы болсын, қуаныш болсын Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болды. Сонымен қатар қиыншылықтарда, сынақтарда оны тастамады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеден Мединаға көшкенінде тек сол Әбу Бәкрды жол серігі ретінде таңдады және барлық Ислам үмметі бір ауыздан Әбу Бәкрды ең жақсы сахаба ретінде біледі. Бұған дәлел ретінде Аллаһ айтты: «Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Аллаһ жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) жолдасына (Әбу Бәкірге): «Кейіме! Расында Аллаһ бізбен бірге» дегенде, Аллаһ оған тыныштық беріп. Сондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Аллаһтың сөзі жоғары. Аллаһ өте үстем, хикмет иесі» («Тәуба» сүресі, 40 аят)
Имам Муслим руаят еткен хадисте Жундубә ибн Абдуллаһ айтты: Мен пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) өліміне бес күн қалғанда: «Мен сендердің араларында ешкімді сүйікті етпей, Аллаһтың алдында таза болдым. Аллаһ Өзіне Ибрахимді сүйікті еткенінде, мені де сүйікті қылды. Егер де маған үмметімнің арасында сүйікті таңдау берілгенде, мен Әбу Бәкрды таңдар едім», – дегенін есітідім.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанында, мұсылмандар үшін бұл үлкен қайғы болып, біреулер есінен танып, біреулер бұған көнбей, біреулер тіпті діннен қайтып жатқан еді. Сонда Әбу Бәкр сондай бір қиын уақытта иманын және сенімін қуаттап, мінбарға шығып пайғамбардың (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанын айтып: «Кімде-кім Мұхаммедке құлшылық жасаса, білсін, Мұхаммед өлді. Ал кімде-кім Аллаһқа құлшылық етсе, Аллаһ Мәнгі Тірі және өлмейді» деп, Аллаһтың айқанын оқыды: «Мұхаммед елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше ізіне қайтасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаһқа ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Аллаһ, шүкір етушілерді сыйлайды» («Әли Имран» сүресі, 144 аят)
Басқаруы және өлімі
Ол екі жыл және төрт ай басқарды. Суық күндерде жуынып, қызуы көтеріліп, ауырып қалады. Намаздарды басқаруды Омарға табыстайты. Ауырып жатқанында адамдар келіп жағдайын сұрайтын. Ауырып жатқан күндерінде оған Усман ибн Аффан қарап, бірақ жағдайы түзелмей, 15 күн өткеннен кейін, алпыс үш жасында, хижра жыл санағы бойынша 13 жылы Жумада Ахир айынын 22-сі сәрсенбіге қараған түні қайтыс болды.
Өлер алдында денесін Әсма бинт Умәйа қызы Айшаның үйінде жууды өсиет етті. Омар жаназа намазын оқып, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасына көмілді. Аллаһ ол кісіден разы болып, ислам үшін және барлық мұсылмандар үшін жасаған амалдарына сауаптан жазсын! Амин!
сайт: http://kz.islamic.kz